USD
USD
USD

Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.

Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бейнебайланыс режимінде өтіп жатқан ел Үкіметінің кеңейтілген отырысына Министрлер кабинетінің барлық мүшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қатысуда. Жиын барысында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланбақ.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді деп күтілуде. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы осы жылдың 26 қаңтарында өткен болатын.

Онда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланған еді.

Қазір оқып жатыр

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер