Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент тапсырмасы: Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды. Бұл жайында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли

Президент тапсырмасы: Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды
Фото: NEGE.kz

әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Үкімет өнеркәсіп пен ақпараттық технологиялар саласының арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға атсалысуға тиіс. Бұл әр саланың цифрлы экожүйесінің қозғаушы күші бола алатын цифрлы технология платмормаларын құруға мүмкіндік береді», – деген болатын.

Берік Уәлидің атап өтуінше, осы тапсырма аясында Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды. Аталған платорма «KEGOC», «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақстан темір жолы», «Air Astanа», «Қазақтелеком», «Қазпошта» сияқты «Самұрық-Қазына» тобының 170-тен астам компаниясының бос жұмыс орындарын біріктірді. Платформа жұмысының барысында 1640 адам жұмысқа орналасты, 46 891 ізденуші тіркелді, 6 535 бос жұмыс орны сайтта жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық