USD
USD
USD

Президент Сұлтан Оразалиннің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі жазушы, қоғам қайраткері Сұлтан Оразалиннің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Президент Сұлтан Оразалиннің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. «Белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ телевизиясының құрметті ардагері, Халықаралық телевизия және радио академиясының академигі Сұлтан Оразалиннің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Сұлтан Шәріпұлы отандық телеарнада жемісті жұмыс істеп, ұлттық құндылықтардың қайта жаңғырып, көгілдір экранда насихатталуына мол үлес қосты.

Саяси-әкімшілік қызметті де абыройлы атқарды. Авторлық құқық, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ұлттық саясат, терминология мен ономастика мәселелерін көтеріп, көкейкесті ойлары мен ұтымды бастамаларын қоғам назарына ұсынды. Қарымды қаламгер ретінде шығармашылық жолда да табысты еңбек етті. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына әдеби мол мұра қалдырған Сұлтан Шәріпұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған Президенттің жеделхатында.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев