USD
USD
USD

Президент Sinopharm вакцинасын салдырды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкектегі сауда орталықтарының біріндегі пунктке барып, қытайлық Sinopharm препаратын салдырды, – деп хабарлайды 24.kg.

Президент Sinopharm вакцинасын салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін Қырғызстан басшысы тұрғындарды белсенді түрде вакцина алуға шақырған болатын. Бірақ өзі осы уақыт аралығында коронавирус жұқтырып аурғанына байланысты антиденелері жеткілікті екенін айтып вакцина салдырудан бас тартқан.

Айта кетейік, Қырғызстанда коронавирусқа қарсы вакцинация науқаны 2021 жылдың 29 наурызында басталды. Елде қытайлық Sinopharm және ресейлік "Спутник V" вакциналары қолданылады. 2021 жылдың 22 шілдесінде AstraZeneca препаратымен вакциналау басталды. Елге гуманитарлық көмек ретінде Әзірбайжан бөлген AstraZeneca-ның 40 мың дозасы жеткізілген.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 шілдедегі жағдай бойынша 6 миллион халқы бар республикада барлығы 120 мыңнан аса адам вакцина салдарған. 2020 жылдың наурызынан бастап көрші республикада коронавирустан 2 227 адам қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park