USD
USD
USD

Президент шетелден қайтарылған активтер қайда жұмсалатынын айтты

Үкімет шетелге заңсыз шығарылған капиталды қайтару үшін қажетті заң жобасын әзірлейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президентті ұлықтау рәсімінде айтты. 

Президент шетелден қайтарылған активтер қайда жұмсалатынын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз әділдікті қалпына келтіріп, елден заңсыз шығарылған барлық активті қайтаруға тиіспіз. Бұл үшін Үкімет заңсыз шығарылған капиталды қайтару үшін қажетті рәсімдерді реттейтін заң жобасын әзірлейді. Сонымен қатар заң жобасы әділетсіз баюға және активтерді заңсыз шығаруға ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, Президент қайтарылған барлық қаражат азаматтардың игілігіне жұмсалуы қажеттігін баса айтты.

«Бұл қаржыны жоғары технологиялы өндіріс орындарын ашуға, мектептер мен ауруханалар салуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға пайдалану керек. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қоямын. Жақын арада ауқатты кәсіпкерлер халықтың игілігі үшін өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін жандандырады деп ойлаймын», – деді Қ. Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған