USD
USD
USD

Президент шахматшы Динара Сәдуақасованы құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс медаль иеленген Динара Сәдуақасованы құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Президент шахматшы Динара Сәдуақасованы құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қазақстан шахматшыларының әлем чемпионатындағы жетістіктері еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті.

Оның айтуынша, спортшыларымыздың халықаралық турнирлердегі әрбір жеңісі осы спорт түрімен айналысатын жастарды қанаттандырады және бұл Қазақстан шахмат мектебінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Президент дарынды шахматшыға талмай еңбек етіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Алматыда өтіп жатқан осы әлемдік сайыста жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Әбдімәлікке де ізгі тілегін жолдады.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді

Президент кітабы

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматы облысын басқаратын болды

Шыңғыс Әрінов

Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз берген

Жер учаскесі

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы әкімі қызметінен босатылды

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ