Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Сенат депутаттарын сайлау туралы Жарлыққа қол қояды

  Қазақстанда саяси жаңғыру үдерісі жоспарлы түрде жалғасады.

Президент Сенат депутаттарын сайлау туралы Жарлыққа қол қояды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президентті ұлықтау рәсімінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік құрылыста біз «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын нақты ұстанамыз. Президент сайлауы биліктің барлық негізгі институтын дәйекті түрде жаңғырту үдерісін бастауға жол ашты. Сайлау ауқымды электоралды циклдің бастапқы кезеңі болды. Біз саяси жаңғыру үдерісін жоспарлы түрде жалғастырамыз», – деді Президент.

Бүгін Президент «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қоятынын айтты. Осылайша, жоғарғы палата депутаттарының кезекті сайлауы конституциялық реформаны нақты жүзеге асырудың жалғасы болады.

«Сайлау қорытындысы бойынша Сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңарады. Бұдан бөлек, бүгін мен конституциялық реформаны жүзеге асырудың келесі сатысы ретінде «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қоямын. Келесі кезең – оны толыққанды трансформациялау», – деді Мемлекет басшысы. 

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел