USD
USD
USD

Президент Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президент Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінде еліңіз – саяси тұрғыда іргесі берік, экономикасы тұрақты, Таяу Шығыстағы үлгі тұтар мемлекет, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Алдағы уақытта Сіздің басшылығыңызбен Корольдіктің дамуы баянды, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Қазақстанның Шығанақтағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалогқа негізделген қарым-қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Айта кетсек, Сауд Арабиясының Ұлттық күні 1932 жылы король Абдул Азиз әл Саудтың жарлығымен Нежд және Хиджаз Корольдігінің Сауд Арабиясы Корольдігі болып қайта аталуын еске алу үшін 23 қыркүйекте атап өтіледі. Оны Король Абдулла 1932 жылы ұлттық мереке деп жариялады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты