USD
USD
USD

Президент сайлауына Жигули Дайрабаев түсетін болды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтіп, алдағы президент сайлауына партия атынан түсетін үміткердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент сайлауына Жигули Дайрабаев түсетін болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Партия төрағасы Әли Бектаев кезектен тыс саяси кеңестің шешімі бойынша президент сайлауына үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев ұсынылатынын айтты.

«Ауыл» партиясының саяси кеңесі кезектен тыс президент сайлауында президенттікке кандидат ретінде партияның атынан Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Дайрабаев Жигули Молдахалықұлының кандидатурасын съез қарауына ұсынады», - деді Әли Бектаев.

Съезге қатысқан делегаттар Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити