USD
USD
USD

Президент сайлауына қатысатын кандидаттардан әлі өтінім түскен жоқ

Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президент сайлауына кандидаттардан өтінім түскен жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президент сайлауына қатысатын кандидаттардан әлі өтінім түскен жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кезектен тыс президент сайлауына кандидаттар ұсыну 23 қыркүйекте басталды.

"Осы күнге дейін әлі ешбір үміткер ұсынылған жоқ. Бірде-бір қоғамдық ұйымның республикалық деңгейдегі съезі өткен жоқ", - деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

ОСК отырысына қатысқан саяси партиялардың өкілдері сайлауға кандидат ұсыну үшін әзірге партиялардың съезі өтпегенін мәлімдеді. Осы аптада президиум отырыстары мен съезд күнін белгілеу жоспарланып отыр.
23 қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауына кандидаттар ұсыну басталды. Науқан 19 күнге, яғни 11 қазан кешкі сағат алтыға дейін созылады.

Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткерлердің Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.
Президенттікке үміткерге мынадай талаптар қойылады:

- тумысынан Қазақстан азаматы болуы керек;

- соңғы 15 жыл ел аумағында тұруы шарт;

- жоғары білімі бар;

- 40 жасқа толған;

- белсенді сайлау құқығына ие;

- мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар;

- мемлекеттік тілді еркін меңгеруге тиіс.

Сонымен қатар, саяси додада бақ сынайтын кандидаттар 3 млн теңге жарна төлеуге міндетті.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев