USD
USD
USD

Президент сайлауына бюджеттен қаржы бөліне бастады

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов кезектен тыс Президент сайлауына бөлінген қаражат қайда жұмсалатынын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент сайлауына бюджеттен қаржы бөліне бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Сайлауды өткізуге 20,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл сома бекітілді, Үкімет резервінен ақша бөлініп жатыр. Жергілікті жерлерде сайлау учаскелері құрылады. Ал жалақы ең төменгі үш айлық жалақыдан кем болмауы тиіс, бұл - 180 мың теңге", деді Ержан Біржанов БАҚ өкілдеріне.

Айта кетсек, ҚР Орталық сайлау комиссиясы "Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы" қаулы қабылдады.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат шығыстарының мөлшері 10 312 600 теңге көлемінде белгіленген:

Теледидар және радио бойынша сайлау бағдарламаларын ұсыну, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау - 9 012 600 теңге;
Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару - 800 000 теңге; Көлік шығындары - 500 000 теңге.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев