Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент сайлауы 11 қазанда өтеді

Тәжікстан парламентінің жоғарғы палатасы ( Маджлиси Оли) елде президент сайлауы 11 қазанда өтеді деп шешім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Президент сайлауы 11 қазанда өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді елдің саяси партиялары, кәсіподақ ұйымдары президенттікке үміткер ұсына алады. Соңғы президент сайлауы 2013 жылдың 6 қарашасында өткен.

Бұл Тәжікстан тәуелсіздігін алғалы бері өтетін алтыншы президент сайлауы болмақ. Тәжікстанда президент сайлауы 7 жылға сайланады. Президенттіктен үміткер Тәжікстанда кемінде 10 жыл тұрып, тәжік тілін жақсы меңгеруі тиіс, жасы 30-дан кем болмауы керек.

Қазіргі мемлекет басшысы Эмомали Рахмон 1992 жылдан бері елін басқарып келеді. Соңғы 28 жылдан бері сайлау туралы заң бірнеше рет өзгертіліп, оған елді шексіз билеуге мүмкіндік берілген.

Халықаралық бақылаушылардың пікірінше, Тәжікстанда бірде бір президент сайлауы ашық болған емес.

Қазір оқып жатыр

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау