USD
USD
USD

Президент республикалық барлық жолдарды жөндеуден өткізуді тапсырды

2025 жылға дейінгі міндет - 24 мың шақырым жолды, яғни барлық республикалық жолдарды қайта жаңалап, жөндеп, жолдар бойын сервистермен қамтамасыз ету керек. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтты.

Президент республикалық барлық жолдарды жөндеуден өткізуді тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көліктік-логистикалық кешенді дамыту да кезек күттірмейтін мәселе.

- "Нұрлы жол" бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру сәтті өтті, бұл ел астанасын аймақтармен "сәуле" қағидаты бойынша байланыстыруға мүмкіндік берді. Көлік жүйесінің жаңа инфрақұрылымдық негіздері қалыптасты, елдің әлемдік көлік дәліздеріне интеграциясы қамтамасыз етілді, Қазақстанның тарихи мәртебесі - Азия мен Еуропаны байланыстырушы буын ретінде қалпына келтірілді. Алайда, бұл саладағы бәсекелестік өте жоғары. Орталық Азия аймағында Қазақстанның транзиттік әлеуетін төмендетуге мүмкіндік беретін баламалы жобалар пайда болды, - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, "Нұрлы жолдың" екінші кезеңі біздің еліміздің көлік-транзиттік секторының жетекші рөлін нығайтуға бағытталуы керек.

- Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі серпінді инфрақұрылымдық жобалардың, жаңа елдер мен компанияларды тартудың, қызмет көрсету деңгейі мен транзиттік маршруттардың жылдамдығын арттырудың есебінен өсуі керек, деп сөзін қорытындылады ол.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны