Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент ресейлік «Комсомольская правда» басылымына не айтты?

Президент Ресей, Беларусь, Қытай, Америкамен арадағы қатынас жайында пікір білдірді.

Президент ресейлік «Комсомольская правда» басылымына не айтты?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Біздің еліміздің азаматтары үшін Ресей – ең жақын мемлекет. Екі ел арасындағы сенім мен өзара түсіністік ғасырлар бойы қалыптасқан. Көптеген ресейлік пен қазақстандықты туыстық, достық, кәсіби байланыстар біріктіреді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұдан соң Мемлекет басшысы елімізде қос биліктің жоқтығын айтты. Латын қарпіне біртіндеп көшеміз деді. «Астық ОПЕГІН» құру жақсы бастама екенін жеткізді. Себебі Қазақстан мен Ресей әлемдегі бидай экспорттайтын елдердің алғашқы ондығына кіреді. Президент Қытай экспансиясы шындыққа жанаспайтынын да айтты. Оның үстіне Қазақстан мен Қытай арасында бұрыннан берік сауда қатынасы қалыптасқан.

Мәселен, былтыр қос мемлекет арасындағы өзара сауда айналымы 14 жарым миллиард доллар болды. Бұдан соң Президент біздің елде Американың әскери базаларын салу талқыланып жатқан жоқ, бұл мәселе күн тәртібінде емес деді. Қазақстанның АҚШ-пен энергетика, жаңа технологиялар бағытында нәтижелі әріптестігі бар. Осыдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңырды жаңғыртамыз» деді. Айлақты дамыту мәселесін екі елдің үкіметаралық комиссиясы қарайды.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.