USD
USD
USD

Президент Ресей премьер-министрінің тез сауығуына тілек білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинге коронавирустан тез жазылуды тіледі

Президент Ресей премьер-министрінің тез сауығуына тілек білдірді
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. "Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге тезірек сауығып кетуді тілеймін. Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы күресте бірге белсенді жұмыс істеп жатыр. Біз бірлескен күш-жігердің арқасында туындаған қиындықтарды жеңетінімізге сенімдімін", - деп жазды Президент Twitter-парақшасында.

Бұған дейін Ресей премьер-министрі коронавирус жұқтырғаны хабарланған. 

Михаил Мишустин РФ президенті Владимир Путинге коронавирус жұқтырғанын, өзін-өзі оқшаулауға кеткенін мәлімдеген болатын.

"Құрметті Владимир Владимирович, коронавирусты анықтауға  тапсырған тестілер оң нәтиже берді. Осыған байланысты және Роспотребнадзордың талаптарына сәйкес мен тиісінше өзін-өзі бақылауды сақтауға, дәрігерлердің нұсқамаларын орындауға тиіспін. Бұл менің әріптестерімді қорғау үшін қажет", - деген еді Мишустин Путинге.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев