USD
USD
USD

Президент «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады.

Президент «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық газ компаниясының қазіргі жұмысы туралы және ішкі нарықты тауарлы газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалды. Санжар Жаркешов газ саласын дамытудың кешенді жоспарының әзірленуі жөнінде баяндады. Аталған жоспар ресурстық базаны кеңейтуді және еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді. 

Мемлекет басшысына сатып алу жүйесінің ашықтық деңгейін арттыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ұлттық компанияның кадр саясатындағы өзгерістер жөнінде ақпарат берілді.

Кездесуде құбылмалы геосаяси жағдайға байланысты туындайтын сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент ұсынылған шешімдерді қолдап, толық аудит ұйымдастыру және компания қызметіндегі транспаренттілікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық