USD
USD
USD

Президент Пусан қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды.

Президент Пусан қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», делінген құжатта. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Кореяға сапары кезінде Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылдағанын жеткізген еді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына 16 тамызда мемлекеттік сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев сол елдің Президенті Мун Чжэ Инмен келіссөз жүргізді. Кейін екі елдің Президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. «Қазақстан Кореямен серіктестікті жан-жақты дамытуға баса мән береді. Біз өзара тиімді әріптестікті жоғары бағалаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ҚР Президенті Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының басшыларымен – «Samsung Electronics» компаниясының президенті Ин Ёнг Ли және «Doosan Heavy Industries & Construction» президенті Ёнг Инг Чонгпен екіжақты кездесулер өткізді.

Қазір оқып жатыр

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот