USD
USD
USD

Президент Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды

Бұл туралы президент Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында айтты.

Президент Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мен сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсына алатынын атап өттім. Бүгін мен Мәжіліс төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановты қабылдадым. Жаңа ғана фракция жетекшілерімен арнайы кездестім. Үкімет басшысы лауазымына Amanat партиясы ұсынған кандидатты талқыладық. Ортақ мәмілеге келдік.

Ата заңымыздың 44-бабына сәйкес, Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын ұсынамын.

Баршаңыз бұл азаматты жақсы танисыздар. Білікті әрі тәжірибелі маман. Жұмысқа адал, еңбекқор адам. Ол Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді жақсы біледі. Оған жаңа Үкіметтің тізгінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын.

Конституцияның 56-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты тағайындау үшін Мәжілістің келісім беруін сұраймын», – деді президент.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе