USD
USD
USD

Президент полицейлерді ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады

Президент полицейлерді ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда. 

Президент полицейлерді ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды:

Әріпжанов Арман Талғатұлы, Ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласы полиция департаменті «Тұран» ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі.

Қоңысов Бекен Кеңесұлы, Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі.

Биыл 20 ақпанда Арман Әріпжанов өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні құрықтады.

Биыл 19 ақпанда Бекен Қоңысов Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қарулы қылмыскерлердің қылмыстық әрекетінің жолын кесу кезінде батылдық пен ерлік танытты.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп