USD
USD
USD

Президент Пенжімдегі жағдай туралы: ұлтаралық жанжал болған жоқ

Президент Алматы облысы Пенжім ауылындағы оқушылар арасындағы жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді.

Президент Пенжімдегі жағдай туралы: ұлтаралық жанжал болған жоқ
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мектепте болған жай төбелес. Тоқаев балалардың мектеп қабырғасында жарақат алуы төтенше жағдай саналатынын атап өтті.

«Азаматтарымыздың наразылығық білдіргені орынды, оларды түсінуге болады. Одан кейін жастар арасында бұзақылыққа жол берілді. Бірақ мұндай жағдайдың алдын алуға болар еді. Дегенмен, әрекет болмады. Ақпараттық кеңістікте осы оқиға этносаралық сипат алды. Бұл жерде ешқандай да этносаралық жанжал болған жоқ! Алайда елімізге қарсы араңдатушылар мен қаскөйлер аталған оқиғаны басқа сипатта көрсетті», – деп жазады Ақорда президент сөзін.

Тоқаев құқық қорғау органдары, президент әкімшілігі тарапынан арандатушыларға қатысты ешбір шара қолданылмағанына таңданысын жасырмады.

«Біз шара қолданбаймыз ба? Мұндай араңдатушылар еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде. Сондықтан осы оқиғадан дұрыс шешім шығаруымыз керек», – деді мемлекет басшысы.

Президент қоғамда түрлі этнос пен конфессия өкілдері арасында достық дәстүрін нығайту қажеттілігіне назар аударды. Пенжімдегідей жағдай болғанда дер кезінде шара қолдану алгоритмін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

«Құқық қорғау органдары тарапынан ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіріп, халқымыздың бірлігін бұзуға бағытталған кез келген әрекетке шара қолданылады. Бұл әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге де қатысты», –  деді Тоқаев.

Бұған дейін үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының бастығы Әсет Оспанов Пенжімдегі оқушылар арасындағы жанжал ұлтаралық сипатқа ие екенін мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

.

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

сот

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Сот балғасы

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер