USD
USD
USD

Президент пен Премьер осы аптада не тындырды?

Осы аптада билік өкілдері қандай шаруамен айналысты? Бұл жайында «Аптаның айшықты оқиғалары» деген тақырыппен Премьер-министрдің ресми сайты есеп берді.

Президент пен Премьер осы аптада не тындырды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Енді атқарылған істерге тоқтала кетейік. 23 сәуірде Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған Төтенше жағдай кезінде екі аптаның ішінде салынған елордадағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барды.

Жұма күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Бейнеконференция режимінде өткен кездесу барысында коронавирус індетіне қарсы күрестегі стратегиялық мәселелер, сондай-ақ ел экономикасын қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі кезеңде даму мәселелері қаралды.

Сейсенбі күні ҚР Үкіметтің селекторлық отырысында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Үкімет басшысы биыл жоспарланған көлемнің уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезектен тыс отырысына қатысты.

24 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті, онда ҚР жүйе құрушы кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шаралары қаралды.

Сенбі күні ҚР Премьер-Министрі биыл Нұр-Сұлтан қаласында пайдалануға беру жоспарланып отырған, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үйлер — «Бағыстан» және «Bazis» тұрғын үй кешендері құрылысын тексерді.

Сол күні Асқар Мамин тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қазір оқып жатыр

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов

Алматы метросында колледж студентінен оқ-дәрі табылып, қылмыстық іс қозғалды

Оқ

Тоқаев әскерге шақыру мен ант қабылдауды ерекше салтанатпен өткізуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағының 100%-ын сенімгерлік басқаруға бере алады

Зейнетақы жинағы