USD
USD
USD

Президент пен лауазымды тұлғалар Ақорда алдында індеттен көз жұмғандарды еске алады

 Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Президент пен лауазымды тұлғалар Ақорда алдында індеттен көз жұмғандарды еске алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді. Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды. Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алады», - деп жазды Б.Уәли.

Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтеді. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов