Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент педофилдерге қатысты ойын айтты

Балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға рақымшылық болмауы тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Президент педофилдерге қатысты ойын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Балалардың қауіпсіздігі және құқықтарын қорғау мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Біз кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейттік. Бірақ, проблема өткір қалып отыр. Мұндай қылмыскерлер рақымшылыққа және мерзімінен бұрын босау құқығынсыз барынша қатаң жазалауға лайықты. Олар барынша қауіпсіз мекемелерде ұсталуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті мұндай әрбір іс прокуратура органдарының айрықша бақылауында болуы тиістігін баса айтты. «Әлеуметтік және құқық қорғау органдары тарапынан әрекетсіздік немесе немқұрайлы қарым-қатынас қатаң жазалануы қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.