Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен екіжақты кездесу өткізді

Президент Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда. 

Президент Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен екіжақты кездесу өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың жолдарын қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифке ілтипат білдіре отырып,  жуырда Пәкістанда болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза болуына және оның елге айтарлықтай зардабын тигізуіне байланысты тағы да көңіл айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның достас Пәкістан халқына шынайы тілеулестігінің белгісі ретінде табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсеткенін және бұл елді алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін нақтылады.

Мемлекет басшысы екі ел берік серіктестік пен мазмұнды саяси диалог орнатып, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін белсенді жұмыс істеп жатқанына тоқталды.

Өз кезегінде Шахбаз Шариф қиын-қыстау жағдайда еліне қолдау көрсеткені  үшін Қазақстан Президентіне зор ризашылығын білдірді. Пәкістан Премьер-министрі жойқын су тасқыны климаттың өзгеруі салдарынан болып отырғанын айтты. Ол Қазақстан мен Пәкістан  арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық серіктестігін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

Сонымен қатар кездесуде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел