USD
USD
USD

Президент өкілеттігін жеті жылға ұзарту туралы заң қабылданды

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына "президентті жеті жылға – тек бір мерзімге" сайлау және "астана атауын қайта өзгерту" туралы нормалар енгізілді.

Президент өкілеттігін жеті жылға ұзарту туралы заң қабылданды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.

Министрдің сөзіне қарағанда, президентті жеті жылға сайлау нормасы күзде өтеді делінген сайлауға дейін қабылданбақ. 

"Өзгеріс күздегі сайлауға дейін қабылданбаса, бес жылға сайланып кеткен президент қайта жеті жылға сайлану құқығына ие болып кетеді", - дейді ол. 

Мұндай түсіндіруді депутат Қазыбек Иса да қайталады.

Оның сөзіне қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаев екі рет сайлануға құқығы бола тұра, "ерлікке" барып отыр.

Айта кету керек, бейтарап сарапшылар мұндай түсіндіруді "биліктің манипуляциясы" деп есептейді. Олардың айтуына қарағанда, билік қазіргі президентті жеті жылға сайлап алуға "тырысып бағуда". Егер президент сайлауы 2024 жылы өз уақытымен өтсе де, Қасым-Жомарт Тоқаевтың оған қатысып, 2029 жылға дейін мемлекет басшысы болуына мүмкіндігі бар. Ерте өткізіп, жеті жылға сайланса да, 2029 жылға дейін президент болады. Сайлаудың шұғыл өткізілуі “қазіргі президентті қарсыластарын дайындалуға үлгертпеу” үшін қажет.

Мәжіліс депутаттары заңды қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева