USD
USD
USD

Президент мектеп директорларына шектеулер туралы заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Түзетулердің бірі - мемлекеттік мектептер, балабақшалар және басқа да білім беру ұйымдарының директорына қызметкерлерді жұмысқа алуы туралы, - деп хабарлайды  Ақорданың ресми сайты.

Президент мектеп директорларына шектеулер туралы заңға қол қойды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сенат депутаттары 4 наурызда өткен екінші оқылымда заң жобасын қабылдады. Бірінші түзету мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурстық негізде қабылдауға қатысты. Енді мұғалімді жұмысқа қабылдау туралы шешімді директор жеке қабылдамайды. Білім министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді тағайындаудың қолданыстағы жүйесі ашық емес екенін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барын түсіндірген болатын.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші