USD
USD
USD

Президент: Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Президент: Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

«Ардақты ағайын!

Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл.

Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі.

Ата-бабамыз Рамазанды «он екі айдың сұлтаны» деп ардақтаған. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткен.

Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада елдің бірлігін және қоғамның тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқарып келеді.

Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Ораза қабыл болсын!», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе