Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент маска тақпағаны үшін айыппұл төледі

Пандемияға байланысты енгізілген санитарлық талаптарды бұзғаны үшін президентке айыппұл салынды.

Президент маска тақпағаны үшін айыппұл төледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бразилия президенті Жаир Болсонару қоғамдық шараға маска тақпай шыққан.

Сенбі күні Болсорану Сан-Паулу көшелерінде өз жақтастары қатысқан мотожарысты басқарды. Ол өз мотоциклінен, содан кейін жүк көлігінен жиналған көпшілікпен амандасты. Президент консерваторы жақтастарының бастарында шлем болды, бірақ көпшілігі маска тақпаған, олар вакциналанған адамдар үшін маскалар пайдасыз деп ұрандатты. Мұнымен денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың көпшілігі келіспейді.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, Болсонаруды қолдау акциясына 12 000 мотоцикл қатысты. Сан-Паулу штаты үкіметінің баспасөз қызметі 2020 жылдың мамыр айынан бастап қоғамдық орындарда маскаларды тағуды талап ететін ережелерді бұзғаны үшін Президентке 110 АҚШ доллар мөлшерінде айыппұл салынғанын хабарлады.

Бұған дейін Болсонаруға Мараньяо штатының солтүстік-шығысындағы жақтастарымен мамыр митингісі кезінде маска тақпағаны үшін айыппұл салынған болатын. Осы штат пен Сан-Паулу губернаторлары коронавирустың таралуын болдырмауға арналған шектеу шаралары туралы мәселеде Болсонаруға қарсы.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті