USD
USD
USD

Президент Кувейттің жаңа әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың дүниеден озуына байланысты Кувейт Мемлекетінің жаңа әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахқа және Кувейт халқына көңіл айтты.

Президент Кувейттің жаңа әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Кувейт Мемлекетінің Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл- Джабер ас-Сабахтың дүниеден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Шейх Наууаф өз өмірін Кувейттің өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға арнаған тұлға. Қазақстан халқы оны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи қайраткер ретінде әрдайым есінде сақтайды. Қаралы сәтте Сізге және әулетіңізге, сондай-ақ барша отандастарыңызға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақтасамын», – деп жазылған жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар