USD
USD
USD

Президент коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады. 

Президент коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады", – деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан барлығы 6 адам бар. Стационарлық карантинде 1090 адам, үй карантинінде 452 адам жатыр. 
Нұр-Сұлтанда 2 жағдай, Алматыда 4 жағдай тіркелді. Коронавирус жұқтырған жолаушымен Варшавадан Нұр-Сұлтанға 86 адам ұшып келген. Бұл екінші оқиға.

Ал бірінші жағдайда коронавирус жұқтырған адаммен ұшқан 53 жолаушы Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылды. Бортта барлығы 89 жолаушы болған.

Қазір оқып жатыр

Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік неге алынып тасталуы мүмкін?

.

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров