USD
USD
USD

Президент: «Коронавирустың әлемге таралуы қауіпті»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты тапсырма берді.

Президент: «Коронавирустың әлемге таралуы қауіпті»
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды», – деп жазған Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, соңғы деректерге сай, Қытайда 78 824 адам коронавирус жұқтырған, оның ішінде қазіргі уақытта 39 919 адам ауырып жатыр (7 952 адамның жағдайы ауыр), 36 117 адам ауруханадан шығарылды және 2 788 адам қайтыс болды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, Қытайдан тыс жерлерде коронавирус жұқтырғандар саны 46 елде 3664 адамға жетті, 57 адам қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам