USD
USD
USD

Президент Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президент Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қарулы Күштердің биылғы атқарған қызметінің негізгі қорытындылары, оның ішінде армияны техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскердің 2030 жылға дейінгі құрылымын қалыптастыруға бағытталған негізгі құжаттарға қатысты жұмыстардың аяқталғаны жөнінде мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының әзірленуі және бекітілуі жайында айтылды. Бұл құжат шетелден қару-жарақ пен техника сатып алуға ғана емес, сондай-ақ отандық қару-жарақ үлгілерін әзірлеуге, инфрақұрылымды жетілдіруге, әскерді цифрландыруға байланысты міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мұрат Бектановтың айтуынша, ұлттық жобаның негізгі мақсаты – азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қорғаныс министрі Президентке қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету шаралары туралы және Қарулы Күштердің заманауи сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге төтеп беруге әзірлігі жөнінде есеп берді.

Сонымен қатар Мұрат Бектанов Жоғарғы Бас қолбасшыға Қазақстан халқына арналған Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың орындалуы туралы баяндады. Сондай-ақ Әскери доктринаны қайта қарауға және экономиканың нақты секторындағы сұранысқа ие мамандықтарды мерзімді қызметтегі сарбаздардың меңгеруіне қатысты мәселелерге жан-жақты тоқталды.

Кездесу соңында Президент еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

 

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.