USD
USD
USD

Президент Қылмыстық кодекстің кейбір баптарын ізгілендіру жөнінде тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жала жабу көрінісі бойынша айыптау бабын қылмыстық кодекстен алып тастау жөнінде тапсырма берді.

Президент Қылмыстық кодекстің кейбір баптарын ізгілендіру жөнінде тапсырма берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қылмыстық кодекстен 130 бабты («Жала жабу») алып, оны Әкімшілік кодекс санатына жатқызу жөнінде шешім қабылдадым», деді президент Ұлттық кеңестің екінші отырысында. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни алауыздық тудыру ісі бойынша да өз ойын айтты.

«Біз бұдан өзге, Қылмыстық кодекстің 174 бабын ізгілендіру мақсатында да сындарлы келісімге келу мәселесін қарастырдық. Мәселен, аталмыш баптағы «қоздыру» деген сипаттамадан бас тартып, заңдық тұрғыда дәлірек нақтылайтын «тұтату» деген сөзбен алмастыру жайында келісімге келдік», – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж