USD
USD
USD

Атамбаев адам өлтірген бе?

Алмасбек Атамбаев бұған дейін қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатты деген айып арқалап келсе, енді оның жүгі анағұрлым ауырламақ. Осы жылдың 7 тамызында Атамбаевтың резиденциясын арнайы жасақ шабуылдап, нәтижесінде ГКНБ подполковнигі Усенбек Ниязбеков көз жұмған болатын. Атамбаев кінәні бірден ел басқарып отырған Сооронбай Жээнбековке артты.

Атамбаев адам өлтірген бе?
Фото: NEGE.kz

"Арнайы жасақ жауынгерінің өлімі тікелей биліктің кінәсі. Мені қорғаған азаматтарда тіпті рогатка да жоқ. Қару менде ғана болды" деп мәлімдеген сол кезде Атамбаев.

"Қару менде ғана болды" деген сөзін енді өзіне қарсы пайдалануда. Атамбаев кісі өліміне жай ғана кінәлі емес, тіпті жауынгерді қасақана атқан деген айыптар да айтылып жатыр. Егер сот Атамбаевті кінәлі деп тапса, кем дегенде 8 жылға түрмеге тоғытылады.

Алмасбек Атамбаев өзінің қазіргі қарсыласы, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековті билікке әкелу жолында барын салып, тіпті Қазақстан басшысын тілдеуге дейін барған. Көрші Тәжікстанмен де шекарадағы жанжал Атамбаев тұсында туындады. Ол ел басқарған 2011-2017 жылдар аралығында Қырғызстанның ішкі жалпыұлттық өнімі 1 миллиард долларға ғана өсті. 

#атамбаев #жээнбеков

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт