USD
USD
USD

Президент қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, - деп хабарлады

Президент қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
Фото: NEGE.kz

 Ақорда.

Алматы, NEGE. "Құрметті отандастар!

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты.

Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор.

Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін.

Республика күні - халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.

Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да - азаматтар!

Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай өңірлерде бірлігіміздің символы - көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтеді. Бұл - ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Көк туымыз - егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз.

Біз - байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады.

Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз - айқын, мақсатымыз - ортақ.

Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз - бір, мемлекетіміз - бір, халқымыз - бір.

Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Еліміздің егемендігі баянды болсын!", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.