USD
USD
USD

Президент «Қазақфильм» АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазақфильм» АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлады Ақорданы

Президент «Қазақфильм» АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады
Фото: NEGE.kz

ң баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Кездесуде отандық кинематографияны және жалпы мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Азамат Сатыбалды Президентке «Қазақфильм» қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, киностудияның статусын көтеруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақфильмде» заманында отандық кино өнерінің бір шоғыр көрнекті өкілдері еңбек еткенін атап өтті;

кәсіби киногерлермен қатар, ұлттық интеллигенция, азаматтық қоғам өкілдерінің, аға буын мен жастардың шығармашылық әлеуетін жұмылдыра отырып, аталған саланың қордаланған проблемаларын кешенді әрі дәйекті түрде шешу маңызды екеніне назар аударды;

кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру керек екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы отандық кинематографияны одан әрі дамыту мәселесі айрықша бақылауда болатынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс