USD
USD
USD

Президент қазақ байларына неге ренжіді?  

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ пен өзбек байларын салыстырды.

Президент қазақ байларына неге ренжіді?  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанда қыруар қаржы тауып, артынан шетелге кетіп қалғандар бар. Енді ол ақшаны наразылықтарды ұйымдастыруға және адамдарды бір-біріне айдап салуға жұмсап жатыр. Мен кейде біздікілерді Өзбекстанның байларымен салыстырып отырамын. Олар қыруар қаржыны өз елінен тыс жерде тапқан. Бірақ тарихи отанына барып, Өзбекстан президентінен «өзбек халқына не істей аламыз, қандай пайдамызды тигізе аламыз» деп сұрайды екен. Сөйтіп өз ақшасына аурухана салып, инфрақұрылым тартып береді», – деді Тоқаев «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында.

Президенттің айтуынша, қазақ пен өзбек олигархтарының негізгі айырмашылығы осы.

Тоқаев Қазақстанда қыруар қаржы тауып, артынан шетелге кетіп қалғандар сол ақшаны наразылықтарды ұйымдастыруға және адамдарды бір-біріне айдап салуға жұмсап жатқанын айтты

«Біздікілер осында жүрсе де, шетелде жүрсе де, өз еліне шабуыл жасайды», – деп ренішін білдірді Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино