USD
USD
USD

Президент кәсіпкерлердің кредитін төлеу мерзімін кейінгі шегеруді тапсырды

Салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керек. Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент кәсіпкерлердің кредитін төлеу мерзімін кейінгі шегеруді тапсырды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнестің кредиттері бойынша төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырамын», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ең алдымен Үкіметке зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес субъектілері үшін жекелеген салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге шегеру мәселесін жедел пысықтауды тапсырды.

«Екіншіден, салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керек. Бұл шаралар шын мәнінде жаппай вакцинациялау басталғанға және шектеулердің басым бөлігі алынғанға дейін қолданыста болуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші