USD
USD
USD

Президент кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

Кездесу барысында Президентке биылғы атқарылған жұмыс қорытындылары, коронавирус пандемиясының отандық бизнеске тигізген әсері туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Рустам Жүрсіновтің айтуынша, осы жылы бизнес-омбудсменнің кеңсесіне 3912 өтініш түскен. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 15 пайызға аз. 

1463 өтініш кәсіпкерлердің пайдасына шешілген. Негізінен сатып алуларға, жерге, салықтарға, құрылысқа қатысты мәселе жиі көтерілген. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «басынан бастап» реттеу тетігін енгізу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді. 

Жаңа реттеу саясатының базалық тәсілдерін белгілейтін тиісті заң жобасы Парламент Сенатының қарауында жатыр. 

2024 жылдың 1 қаңтарына дейін бизнеске қатысты міндетті бұрынғы талаптардың бәрі тексеріледі. 

Аталған шаралардың түпкі мақсаты – мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастарды толықтай цифрландыру. 

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл жұмысының қорытындыларын оң бағалап, бизнеске қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың көбею себептерін анықтау және оларды жою үшін шаралар әзірлеу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны