USD
USD
USD

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Раисы Рустам Миннихановты қабылдады

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, аграрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Раисы Рустам Миннихановты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қазақстанмен арадағы экономикалық ықпалдастық ауқымы бойынша Татарстан Ресей өңірлері арасында жетекші орынға ие екенін атап өтті. 

– Қазақстан мен Татарстанның ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді және Ресей Федерациясымен көпжақты қарым-қатынасымызда маңызды рөл атқарады деп айтуға толықтай негіз бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 22,5 пайызға өсіп, 597 миллион доллардан асты. Машина жасау саласында «Татнефть», «КАМАЗ» компанияларының қатысуымен ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр. Бұдан да бөлек жобалар бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты