USD
USD
USD

Президент қаржы-несие ұйымдарын тексеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау құрылымдары мен қаржы нарығын қадағалайтын және мониторингтейтін мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізді. 

Президент қаржы-несие ұйымдарын тексеруді тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жиында ел азаматтарына айтарлықтай материалдық шығын келтірген қаржы-несие ұйымдарының заңсыз қызметіне тосқауыл қоюға байланысты мәселе қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда наразылық тудырған жағдайды егжей-тегжейлі тексеруді, азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін шаралар қабылдауды және кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды.

Мемлекет басшысы болашақта мұндай жағдайға жол бермеу керектігін және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар кеңесте Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден ұлттық заңнамаларды бұза отырып әкелінген автокөліктерді тіркеу мәселесі де талқыланды.

Президент Үкіметке Қазақстанның заңнамаларын, мемлекеттік бюджеттің де, автокөлік иелерінің де мүдделерін ескере отырып, аталған проблеманы шешу нұсқаларын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер