USD
USD
USD

Президент Қарулы Күштердің басшылығымен кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қорғаныс министрлігінде армияны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қарулы Күштердің басшылығымен кеңес өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар заманауи цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру қажет екеніне назар аударды.

Жиында Қазақстан әскерін заманауи әрі жоғары технологиялы қару түрлерімен, әскери техникамен қайта жабдықтау мәселелері талқыланды. Қорғаныс министрлігіне әскери күштерді пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу арқылы жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарау тапсырылды.

Мемлекет басшысы әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, меритократия қағидаты негізінде мансапты өсіру мақсатымен әскери білім беру және кадрлық саясат жүйесін дамыту мәселелеріне баса мән берді. Президент әскери қызметшілер мен әскери қызметтің әлеуметтік мәртебесін арттыру және жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру қажеттігі туралы айтты. Жиын соңында Жоғарғы Бас қолбасшы мемлекеттің мүддесін және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғау Қарулы Күштердің міндеті екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай