Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Қарағандыда шығарылған «Спутник-V» вакцинасын салдырды

Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Президент Қарағандыда шығарылған «Спутник-V» вакцинасын салдырды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE «Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді» делінген хабарламада. Сондай-ақ, жазбада Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырғаны, бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы екені айтылды. Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Қазақстанда бір жылда АИ-92 бензинінің бағасы 15%-ға өсті

Бензин, дизель

Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

Сайлау туралы заң