Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Қайрат Мәмимен кездесті

Президент Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады,

Президент Қайрат Мәмимен кездесті
Фото: NEGE.kz

деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Нұр-Сұлтан. NEGE. Мемлекет басшысына Конституциялық Кеңестің алдағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздегі конституциялық заңдылықтардың жай-күйі туралы жасайтын кезекті жолдауына дайындық барысы баяндалды.

Конституциялық Кеңес төрағасының айтуынша, аталған маңызды құжатта конституциялық іс жүргізу практикасы қорытындыланады. Қазіргі заңнамада және оны қолдану тәжірибесінде конституциялық нормалардың іске асырылуы, Конституциялық Кеңес шешімдерінің орындалуына баға беріледі. Сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мәселелері қаралады.

Қайрат Мәми биылғы жолдау Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналатынын және Конституциялық Кеңес республикадағы заң үстемдігін одан әрі күшейту жөнінде нақты ұсыныстар жасайтынын атап өтті.

Президент Конституцияның Қазақстан мемлекеттілігі мен ел жетістігінің негізі болып табылатынын айтты. Осы орайда, Конституциялық Кеңестің қызметі Ата Заң ережелерін жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Мемлекет аумағында Конституция үстемдігін қамтамасыз ету ел дамуының міндетті шарты екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық