USD
USD
USD

Президент: Фермерлер мәселесін тезірек шешу керек

Жылдам шешілуі керек проблемалар туындауда, деп мәлімдеді Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент: Фермерлер мәселесін тезірек шешу керек
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Алматы, NEGE.
«Қазіргі көктем кезінде ауыл шаруашылығына аса мән берілуі керек. Еліміздің оңтүстігінде егістік жұмыстары жүргізілуде ( 30%-ы орындалды). Басқа өңірлерде егістік жұмыстары бір ай ішінде басталуы керек. Фермерлердің пестицидтер мен тыңайтқыштар, сапалы тұқым мен ЖЖМ сатып алуға қоры болуы тиіс. Көктемгі-егістік жұмыстарын қаржыландыру көлемі 3 есеге көбейтіліп, 170 млрд теңгеге дейін жетуі тиіс. Бұл ретте жедел шешілуі тиіс проблемалар да туындауда», - дейді Тоқаев.
Ол «карантиндегі қалаларға ауыл шаруашылық азық-түлік өнімдерін жеткізушілердің көліктерінің кідіріссіз жіберілуін қамтамасыз ету керек екенін, «жасыл» аймақ арқылы өту үшін жедел түрде өткізу қағаздары берілуі керектігін» атап өтті.
«Бұл көктемгі-егістік жұмыстарына кірісетін фермерлерге де қатысты», - деп атап өтті Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

ТЖ

Израиль президенті Астанаға келді

ақорда

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов