USD
USD
USD

Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілін қабылдады 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро директоры Матео Мекаччиді қабылдады.

Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілін қабылдады 
Фото: NEGE.kz

Елорда, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Матео Мекаччиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен арадағы қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Кездесуде Қазақстан мен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро арасындағы демократияны дамыту, адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен оны дамыту перспективалары талқыланды. Президент Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Бюро арасында қол қойылған өзара түсіністік жөніндегі Меморандумды қолдады. Оның айтуынша, бұл құжат еліміздің Бюромен тығыз серіктестікті дамытуға дайын екенін және ЕҚЫҰ құндылықтарына бейілділігін растайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бюро директорына Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері жөнінде айтты. Матео Мекаччи ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаевпен қызметтес болған кезеңді және бұдан бұрын Қазақстанға келген сапарларын ықыласпен еске алды. Бюро директоры Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі 

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park