USD
USD
USD

Президент Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаламен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы серіктестіктің өзекті мәселелері талқыланды.

Президент Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаламен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі Еуропа Одағымен көпжақты ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін нақтылап, екіжақты стратегиялық ынтымақтастыққа тың серпін беруге дайын екенін жеткізді. Қазақстан Президенті жуырда өткен конституциялық референдум мен Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға қатысты реформалар туралы айтты. Өз кезегінде Тери Хакала Президентті референдумның сәтті өтуімен құттықтап, Брюссельдің Орталық Азия аймағындағы жетекші серіктесі Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен ықпалдастықты жалғастыруға Еуропа Одағының бейілді екенін нақтылады.

Сонымен қатар ол Еуропа Одағы Мемлекет басшысының реформалар жүргізу бағдарламасына жан-жақты қолдау көрсететінін, Қазақстанның көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясатын жоғары бағалайтынын мәлімдеді. Еуропа Одағы Қазақстанмен көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға зор қызығушылық танытты. Бұдан бөлек олар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу