USD
USD
USD

Президент Есімовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Есімовпен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының бұрынғы басқарма төрағасының атқарған белсенді әрі жемісті жұмысына ризашылығын білдірді.

"Өз кезегінде Ахметжан Есімов Президентке көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі", - делінген хабарламада.

29 наурызда Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" басшысы қызметінен кетті. Оның орнына Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды.

Кейін "Самұрық-Қазына" өкілдері қордың бұрынғы басшысы Ахметжан Есімовтің денсаулығы жайлы айтты. 

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті