USD
USD
USD

Президент еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөнінде тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөнінде тапсырмалар берді
Фото: NEGE.kz

Астана,  NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің биылғы атқаратын негізгі міндеттері, сондай-ақ пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытуға көшу шаралары жөнінде және оның сыртқы сын-тегеуріндерге төтеп беруіне қатысты ақпарат берілді.

Әлібек Қуантыров Президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. Атап айтқанда, Халықтың табысын арттыру бағдарламасы мен Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шаралардың жүзеге асырылуы туралы сөз болды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы аясында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөнінде нақты міндет жүктеді. Қазіргі уақытта комиссия жасақталып, жаңа облыстарды құру жұмыстарының алгоритмі әзірленді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу, экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту, сондай-ақ тұрғындар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық

Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

Халықаралық планетаны көгалдандыру күні

Porsche көлігімен сағатына 197 шақырым жылдамдықпен жүрген астаналық 10 тәулікке қамалды

жылдамдықты асыру