11 Сәуір 17:51

Президент Джек Маға жомарттығы үшін алғыс айтты

Фото:

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында қытайлық миллиардер және Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Маға Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. 

Алматы, NEGE. "Мен әлемге әйгілі кәсіпкер және халқымыздың жақсы досы Джек Ма мырзаға шын жүректен алғысымды білдіремін. Ол шын мәнінде, өте күрделі жағдайларда ынтымақтастықтың өте маңызды екенін көрсетті. Біз бірге міндетті түрде барлығын жеңеміз", - деді Тоқаев.


Qasym-Jomart Toqayev

@TokayevKZ
I sincerely thank Mr Jack Ma, worldwide known entrepreneur and good friend of our people, for his generous humanitarian assistance to my country. He in fact has shown that solidarity matters a lot in these extremely complex  circumstances. Together we shall definitely overcome.

 
Еске салайық, 2020 жылғы 10 сәуірде Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) "Джек Ма" және "Alibaba" қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматыға жеткізілді.

Көлемі 4,5 тонна гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар.

Тегтер: